ТҰҰМ Израиль өнімдерін бойкот етеді

Израильді қолдаған фирмалардың өнімдеріне тыйым салынды.

2061465
ТҰҰМ Израиль өнімдерін бойкот етеді

Израильді қолдаған фирмалардың өнімдерін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) мейрамхана, асхана және шайханаларында сатылмауы туралы шешім қабылдады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде Мәжілістің Газа секторында жазықсыз халықты қырғынға ұшыратқан Израильдің соғыс қылмыстарын қолдайтындарын ашық жариялаған фирмалардың өнімдері мен тауарларына бойкот туралы қоғамдық сананы қолдауға шешім қабылдағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуштың нұсқауымен Израильдің Газадағы геноцид қылмысына қолдау көрсеткен фирмалардың өнімдерінің Парламент қалашығы мен нысандарындағы мейрамхана, асхана және шайханаларда сатылмайтыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар