Ердоған ТМҰ-ның 10-шы саммитінде үн қатты

Президент Ердоған Астанада өткен Түркі мемлекеттерінің ұйымның 10-шы саммитінде үн қатты.

2059877
Ердоған ТМҰ-ның 10-шы саммитінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Биыл 100 жылдығын тойлаған Түркия Республикасы ретінде бүкіл түрік әлемінің бейбітшілігі, тыныштығы және қауіпсіздігі үшін басқан қадамдарымызды жалғастырамыз» деді.

Президент Ердоған Қазақстанның елордасы астанада өткен Түркі мемлекеттерінің ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекет басшылары 10-шы саммитінде үн қатты.

Ердоған сөйлеген сөзінде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына қатысты «7 қазаннан бері куә болған жағдайды ақтайтын немесе бұл қатыгездікті түсіндіретін бір тұжырымдама жоқ. Газада адамзатқа қарсы қылмыстар тура 28 күннен бері жасалуда. Осы сәттен бастап. Түркия ретінде дағдарыс алғаш басталған сәттен бастап абыройлы және адамгершілік ұстанымызды бұзбадық» деді.

Президент Ердоған «Біздің басымдылығымыз гуманитарлық атысты тоқтатуды жылдам қалыптастыру. Сондай-ақ біз мұсылман, христиан немесе еврейге қарамастан барлығының қауіпсіздігіне кепілдік беретін жаңа механизмдер үстінде жұмыс істеп жатырмыз. Халықаралық бейбітшілік конференциясының негізін қалау бойынша біздің күш-жігеріміз жалғасуда» деді.

Газа секторына қазірге дейін гуманитарлық көмек материалдарына толы 10 ұшақ жіберілгенін білдірген Ердоған «Майдандағы жағдай рұқсат еткенше жаңаларын жіберуді жалғастырамыз. Түрік әлемі ретінде бірлік және ынтымақпен әрекет Бұл алдымен атысты тоқтатуға, содан кейін тұрақты бейбітшілікке жету жолын жеңілдетеді.

Президент Ердоған «Биыл 100 жылдығын тойлаған Түркия Республикасы ретінде бүкіл түрік әлемінің бейбітшілігі, тыныштығы және қауіпсіздігі үшін басқан қадамдарымызды жалғастырамыз» деді.

Тақырыбы «Түрік дәуірі» деп аталатын Түркі Мемлекеттерінің ұйымының 10-шы саммитінде көшбасшылар өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Саммттің артынан Астана декларациясы жарияланды.

Декларацияда жазықсыз адамдарды қорғау үшін дереу атысты тоқтату жариялануы және Газа секторы бойынша тез арада және кедергісіз гуманитарлық жәрдем қамтамасыз етуге шақырған көшбасшылар Израиль-Палестина қақтығысына қатты алаңдағандарын және бейбіт тұрғындарға бағытталған барлық шабуылдарды айыптайтындарын мәлімдеді.

Президент Ердоған Астанадағы кездесулері аясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездескен соң Қазақстан президенті Касым-Жомерт Тоқаевпен бас қосты. Келіссөзге екі ел министрлерінен құралған делегация да қатысты.

Ердоған Тоқаевқа Түркияның отандық «TOGG» көлігін сыйға тартты.

Президент Ердоған Астанадағы кездесулерінен кейін елге оралды.

 



Ұқсас жаңалықтар