Хакан Фиданның Газа дипломатиясы жалғасуда

ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фарханмен телефон арқылы сөйлесті.

2058675
Хакан Фиданның Газа дипломатиясы жалғасуда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газа дипломатиясын жалғастыруда.

Дипломатиялық көздерден алынған мәліметке қарағанда министр Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фарханмен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер Палестинадағы соңғы оқиғаларды талқылады.

Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға жәрдем және қоғамдық жұмыстар жөніндегі агенттігінің (UNRWA) бас комиссары Филипп Лаззаринимен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Газадағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты шабуыл бастағанын хабарлаған еді.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар