Министр Өзхасеки Әзербайжан делегациясымен бас қосты

Делегациясы Кахраманмарашта Әзербайжан салатын тұрғын үйлерге қатысты жұмыстарды талқылады.

2058230
Министр Өзхасеки Әзербайжан делегациясымен бас қосты

Қоршаған орта, қала және климаттық өзгерісі министрі Мехмет Өзхасеки Әзербайжан Мемлекеттік Қала және сәулет комитетінің төрағасы Анар Гулиев басшылық жасаған делегация Кахраманмарашта Әзербайжан салатын тұрғын үйлерге қатысты жұмыстарды талқылады.

Өзхасеки әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Біз Әзербайжан Мемлекеттік Қала және сәулет комитетінің төрағасы, қымбатты досымыз Анар Гулиев басшылығындағы делегациямен бас қостық. Қиын-қыстау күндерде әрқашан бізбен бірге болған Әзербайжанның Кахраманмараш қаласында тұрғызатын тұрғын үйлерге қатысты жұмыстарды талқыладық. «Бір халық, екі мемлекет» түсінігімен әзербайжандық ағайындармен иық тірестіріп жұмыс істеуді жалғастырамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар