Түркия Республикасының 100 жылдығы әлемнің көптеген елінде тойлануда

Түркияның дипломатиялық өкілдіктерінің қонақжайлығымен Республика күні бағдарламалары ұйымдастырылуда.

2057214
Түркия Республикасының 100 жылдығы әлемнің көптеген елінде тойлануда

Республиканың 100 жылдығы Германияда Түркияның Эссендегі бас консулдығының ұйымдастыруымен аталып өтті.

Мәдениет және туризм министрлігінің «Түркияның түстері» хоры да көрермендерді тәнті етті.

Голландияда да Республиканың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Түркияның Амстердамдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен қонақасы берілді. Амстердам бас консулы Махмут Бурак Ерсой өз сөзінде Түркия Республикасының 100 жылдығын шаттықпен тойлағандарын атап, «Республикамыздың мыңдаған жылдық түрік мемлекеттік дәстүрінен бастау алатыны сөзсіз» деді.

Мереке аясында заманауи түрік музыкасының маңызды композиторларының бірі Ялчын Тураның фортепианолық концертінің әлемдік премьерасы Лондонда өтті. Лондон Юнус Эмре институты Түркияның Ұлыбританиядағы елшілігі және Лондон камералық оркестрімен бірлесіп ұйымдастырған концерт Корольдік музыка колледжінің «Amaryllis Fleming» концерттік залында өтті.

Концерт алдында тыңдармандарға сөйлеген сөзінде Түркияның Ұлыбританиядағы елшісі Осман Корай Ерташ Республиканың 100 жылдығының тек Түркияда ғана емес, бүкіл әлемде тойланғанын айтты.

Түркия «Маариф» қоры Колумбияда мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Республиканың 100 жылдығы бас қала Боготадағы Анд парламенті ғимаратында Түркияға арналған арнайы отырыста тойланды. Бағдарламаға Түркияның Колумбиядағы елшісі Бесте Пехливан, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) және Маариф қорының өкілдері де қатысты.

Республика күні Ирактың бас қаласы Бағдатта да салтанатты қабылдаумен атап өтілді.

Түркия елшілік ғимаратында өткен қабылдауға Ирак Көлік министрі Реззак Мухайбис, Ирак Сыртқы істер министрінің орынбасары Хишам Алеви, Ирактың кейбір депутаттары, Ирак Түрікмен майданының төрағасы Хасан Туран және Бағдаттағы шетелдік өкілдіктердің өкілдері қатысты.

Республика күні Қытай, Болгария және Косовода да арнайы бағдарламалармен атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар