Шетелдік өкілеттіктер Республиканың 100 жылдығын құттықтады

Түркиядағы шетелдік өкілдер Республиканың 100 жылдығына орай құттықтауларын жариялады.

2057238
Шетелдік өкілеттіктер Республиканың 100 жылдығын құттықтады

Түркиядағы шетелдік өкілдер Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты құттықтауларын жариялады.

Германияның Түркиядағы елшілігінің «X» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтынан елші Юрген Шульцтың құттықтауы жарияланды.

Шульц құттықтау хабарламасында Түркияның 100 жылдығын құттықтап, «Түркия Республикасының 100 жылдығын тойлауға асығамыз» деді.

Түркия мен Германия арасында 1924 жылы құрылғаннан кейін көп ұзамай «достық келісіміне» қол қойылғанын айтқан Шульц 1960 жылдан бері Түркиядан Германияға жұмыс істеу үшін барған көптеген адамның арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың бұрын-соңды болмағандай қарқын алғанын білдірді.

Шульц «Бүгінгі таңда Германияда 3 миллионнан астам түрік текті азамат бар бұл бізді бір-бірімізге мәңгілік байланыстырады, алайда саясат, экономика, ғылым, білім, спорт және мәдениет салаларындағы тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында қарым-қатынастарымыз одан әрі жетіледі. Бұл байланыстарды болашақта қорғап, одан әрі нығайтқымыз келеді» деді.

Францияның Түркиядағы елшісі Изабель Дюмон да «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан бөліскен хабарламасында Түркияның негізін қалаушы, ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу үшін Анкарадағы әріптестерімен бірге Аныткабирге барғандарын және осында құрмет көрсетуге келген әр ұрпақтан мыңдаған адамның өзіне қатты әсер еткенін айтты.

Пәкістанның Түркиядағы елшілігі де «X» әлеуметтік желісінен Елші Юсуф Жүнейдтің хабарламасын жариялады.

Жүнейд Пәкістан халқы мен үкіметі атынан Түркияның 100 жылдығымен түрік ұлтын шын жүректен құттықтағанын атап, «Бүгінгі мереке Түркияның сауда, экономика, денсаулық сақтау, білім, туризм, қорғаныс, инфрақұрылым және басқа салалардағы алға жылжуы, тұрақтылығы және елеулі жетістіктерін көрсетеді. Республиканың 100 жылдық мерейтойы - күрделі сынақтарға қарамастан гүлденген және демократиялық мемлекет құру жолында аянбай еңбек еткен түрік басшылары мен халқының мызғымас адалдығы мен көрегендігінің айғағы» деді.



Ұқсас жаңалықтар