Алтун Израильге журналисттер үшін шақыру тастады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун хабарлама жариялады.

2055587
Алтун Израильге журналисттер үшін шақыру тастады

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израиль әкімшілігі бейбіт тұрғындардың қазасын елемеуді тоқтатып, ақпарат қызметкерлерін қорғау үшін одан күшті шаралар қабылдауға шақырды.

Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында Газа секторында соғыс басталғаннан бері 24 журналистің қаза тауып, көптеген журналистің жарақат алғанын атап көрсетті.

Қақтығыс аймағындағы басқа да бейбіт тұрғындармен қатар журналистердің нысанаға алынуын және еріксіз өлтірілуін айыптаған Алтун тілшілердің тек өз жұмысын істеп, жаңалықтарды оқиға орнынан жеткізіп жатқанына назар аударды.

Журналистерге қарсы кез-келген зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін атап көрсеткен Фахреттин Алтун «Олар соғыстың қатыгездігін көре алатын жалғыз арнамыз. Израиль әкімшілігін бейбіт тұрғындардың құрбан болғанын елемеуді тоқтатуға және ақпарат қызметкерлерін қорғау үшін мықты шаралар қабылдауға шақырамыз. Азаматтардың ұлты мен этникалық тегі маңызды болмауы керек және қақтығысқан тараптардың барлығы оларды қорғауға міндетті. Майданнан шындықтың бір нұсқасын ғана жеткізгісі келетін тілшілердің өмірін барынша қиындатуда. Баршаға олардың тек өз жұмысын істеуге тырысатынын және мұның олардың қаза болуына сбеп болмау керектігін еске салғымыз келеді. Осы жантүршігерлік қақтығыста қаза тапқан ақпарат қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Бейбітшілікке фактілерді ашу арқылы ғана қол жеткізуге болады және майдандағы шындықты қабылдаумен қамтамасыз етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар