Әзербайжанда "Мұстафа Кемал Ататүрік - 2023" жаттығуы басталды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

2054492
Әзербайжанда "Мұстафа Кемал Ататүрік - 2023" жаттығуы басталды

Әзербайжанда Түркия мен Әзербайжан қарулы күштерінің «Мұстафа Кемал Ататүрік 2023» бірлескен әскери жаттығуы басталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған жаттығудың Баку, Нахчыван және басқыншылардан азат етілген аймақтарда басталғаны хабарланды.

Мәлімдемеде жаттығуға 3 мың адам, 130 танк және броньды көлік, 100-ге жуық артиллерия және зымырандық жүйе, 20-ға жуық ұшақ пен тікұшақтың қатысқаны атап өтілді.

Оқу-жаттығуда зымыран мен артиллериялық бөлімшелердің заманауи соғыс әдістерін қолдана отырып, ұшақ және тікұшақтармен тапсырмаларды орындайтыны, өзендерді кесіп өту үшін понтондық көпірлер салып, сценарий бойынша жауды ұясында жоятыны атап көрсетілді.

Түрік және Әзербайжан әскерлері арасындағы өзара ынтымақтастық пен үйлестіру қабілетін арттыруды мақсат еткен жаттығу 25 қазан күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар