Өмер Челик Палестинаға қолдауды жалғастыратынын айтты

Челик Израильдің ауруханаға жасаған шабуылы қазіргі тарихтағы ең үлкен қырғын және зұлымдықтардың бірі екенін атап көрсетті.

2052816
Өмер Челик Палестинаға қолдауды жалғастыратынын айтты

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Газадағы әл-Ахли баптистер ауруханасына атылған және 471 адамның өмірін қиған зымыранның Хамас тарапынан жіберілгені туралы мәлімдеменің жалған ақпараттан басқа ештеңе емес екенін айтты.

Өмер Челик ел астанасы Анкарадағы партияның бас кеңсесінде мәлімдеме жасады.

Челик Израильдің кеше түнде Газадағы әл-Ахли баптистер ауруханасына жасаған шабуылына тоқталды.

Челик Израиль армиясының әлеуметтік медиа парақшасында бұл шабуылдың жауапкершілігін алдымен ресми түрде мойнына алғанын, кейін жазбасын өшіргенін білдірді.

Челик  "Біз бұл қырғынды айыптаймыз" деді.

Челик Израильдің ауруханаға жасаған шабуылының қазіргі тарихтағы ең үлкен қырғын және зұлымдықтардың бірі екенін атап көрсетті.

Өмер Челик: «Осы оқиғаға орай президентіміз Режеп Тайып Ердоған үш күндік ұлттық аза тұту жариялайды. Бұл біздің ұлтымыздың Палестинадағы жазықсыз балалармен, әйелдермен, бейбіт тұрғындармен және қарттармен ынтымақтастығымыздың және біздің жан-тәнімізбен олармен бірге екеніміздің көрінісі» деді. 

Челик газалықтарды Мысырға айдау сияқты бір көзқарастың ешқашан қабылданбайтынын білдірген Челик: "Түркия барлық гуманитарлық көмекке дайын" ​​деп мәлімдемеді.



Ұқсас жаңалықтар