Ердоған Риши Сунакпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен телефонда Израиль-Палестина қақтығыстарын талқылады.

2051585
Ердоған Риши Сунакпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының әлеуметтік медиа парақшасында бөлісілген жазбада Израиль-Палестина қақтығыстарының қазіргі жағдайы, аймақта бейбітшілік орнату үшін басылатын саяси қадамдарр және ауыр гуманитарлық дағдарысты шешудің шұғыл шаралары талқыланғаны білдірілді.

Телефондағы әңгімеде президент Ердоған халықаралық қауымдастықтың, әсіресе батыс елдерінің Газадағы адам құқықтарын бұзуына қарсы тиімді шара қолдануы керектігі, дағдарысты тереңдететін арандатушылық әрекеттердің орнына Палестинаға жылдар бойы берілген уәденің орындалмай келгенін есте сақтау және оны орындаудың маңыздылығын қолдайтынын жеткізді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Газадан Израильге мыңдаған зымыран атылған еді.



Ұқсас жаңалықтар