Сомали президенті ризашылық білдірді

Сомали президенті Махмуд Түркияның Сомалидегі өкілетті елшісі Ибрахим Мете Яглыны қабылдады.

2042353
Сомали президенті ризашылық білдірді

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Түркияның еліне көрсеткен көмегіне риза болғандарын білдірді.

Сомали президенттігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда президент Махмуд Түркияның Сомалидегі өкілетті елшісі Ибрахим Мете Яглымен кездесуінде Түркия мен Сомали арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды. Түркияның Сомалиге жасаған көмегіне риза болғандарын білдірген Махмуд екі ел арасындағы даму және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастардың артқанын атап көрсетті.

Махмуд Могадишо мен Анкара арасындағы тығыз қарым-қатынасқа тоқталды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның 2011 жылы Сомалиге сапарынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамыды.

Түркияның Африкадағы ең үлкен елшілік кампусы Сомалиде салынды. Сомалиге гуманитарлық және даму көмегі жалғасуда, соңғы жылдары бұл елмен экономикалық, қауіпсіздік және мәдени қарым-қатынастар тереңдей түсуде.



Ұқсас жаңалықтар