«Cobra II» тактикалық сауытты көліктері Эквадорға тапсырылды

Әскери техниканы тапсыру рәсіміне Эквадор президенті Гульермо Лассо да қатысты.

2036062
«Cobra II» тактикалық сауытты көліктері Эквадорға тапсырылды
Guillermo Lasso ekvador turk cobra.jpg
ekvador Guillermo Lasso cobra.jpg

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің «Otokar» компаниясы өндірген 20 дана «Cobra II» тактикалық сауытты көлік Эквадорға тапсырылды.

Әскери техниканы тапсыру рәсіміне Эквадор президенті Гульермо Лассо да қатысты. Лассо «X» әлеуметтік желідегі есебінен көліктердің суреттерін жариялап, «Түріктің 20 дана «Cobra II» көлігін қарулы күштерге тапсырғаным үшін бақыттымын. Қазан айының аяғында 15 дана «Ural» типті тактикалық көлік те келеді» деп жазды.

Лассо қасындағы әскери лауазым иелерімен бірге әскери техниканы тексерді және біреуіне отырып суретке түсті.

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің Эквадорға көлемді алғашқы саудасын жүзеге асырғандарын білдірген Түркияның Эквадордағы өкілетті елшісі Ялчын түрік қорғаныс өнеркәсібінің осылайша осы ел нарығына кіргенін білдірді.

Эквадор Бас штаб төрағасы Нельсон Проано да жоғары қабілетті «Cobra II» сауытты көліктерінің ел қауіпсіздігіне үлкен үлес қосатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар