PKK/YPG-нің қаржы қызметкері залалсыздандырылды

Террор ұйымы PKK/YPG-нің ақша айналымын басқарған террорист Зүлфийе Бинбир залалсыздандырылды.

2034536
PKK/YPG-нің қаржы қызметкері залалсыздандырылды

Ұлттық Барлау ұйымы (ҰБҰ) Сирияның Румейлан аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің ақша айналымын басқарған және іздеу салынған террористтер тізімінде «жасыл санаттағы» Зүлфийе Бинбирді залалсыздандырды.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда «Рожна» лақапты Бинбир 1993 жылы PKK-ға қосылып, Ирак пен Сирияда лаңкестік әрекеттерімен айналысқан және 2018 жылы «Кобани тәртіп қолбасшысы» болып тағайындалды.

YPG-нің өкілі ретінде қызмет етіп, PKK/YPG террор ұйымының қаржы жауапкері деп аталған Бинбир ұйымның ақша айналымын басқарған кезінде қауіпсіздік күштеріне қарсы көптеген шабуылға қатысты және іздеу салынған террористтер тізімінде «жасыл санатта» орын алды.

Бинбирдің Муш губернаторлығында 2011 жылы практикадан өткен аудан әкімі үміткері  Кенан Эреноғлу мен әскери қызметін өтеп жүрген Айкут Челикті кепілдікке алып қашу және Түркияда әртүрлі шабуылдар жасағаны себепті ҰБҰ тарапынан ұзақ уақыт бойы қадағаланды.

ҰБҰ жиналған ақпарат негізінде мәлімет пен деректерді талдап операцияға шешім қабылданды және Сирияның Румейлан аймағындағы мұнай кен орнында Бинбир залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар