Ердоған АҚШ Мұсылман Ұйымдар Кеңесі мүшелерін қабылдады

Ердоған қасиетті Құран кітапқа бағытталған шабуылдарға тоқталды.

2034112
Ердоған АҚШ Мұсылман Ұйымдар Кеңесі  мүшелерін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған қасиетті Құран кітапқа бағытталған шабуылдарға «сөз бостандығы» деген желеумен жасауға рұқсат етілуін қабылдамағандарын әрдайым тілге тиек еткендерін атап көрсетті.

Президент Ердоған Президенттік сарайда АҚШ Мұсылман Ұйымдар Кеңесі Бас хатшысы Усама Джемал басшылық жасаған делегацияны қабылдады.

Мұсылмандар ретінде лаңкестіктен өшпенділік қылмыстарына дейін көптеген мәселемен бір уақытта күрескендерін атап көрсеткен Ердоған «Батыста күн сайын тараған исламофобия бізді алаңдатып отыр. Осы көңіл-күймен мұсылмандардың дауысы естілсін деп тырысқан талпыныстарыңызды бағалаймын. Үмбетіміздің исламофобияға, төзімсіздікке және кемсітушілікке қарсы тұруы және осы қауіпке қарсы күресте бірігуі өте маңызды. Үмбетіміздің исламофобияға, төзімсіздікке және кемсітушілікке қарсы тұруы және осы қауіпке қарсы күресте бірігуі өте маңызды.

Ердоған қасиетті Құран кітапқа бағытталған шабуылдарға «сөз бостандығы» деген желеумен жасауға рұқсат етілуін қабылдамағандарын әрдайым тілге тиек еткендерін атап «Бұл өшпенділік пен жабайылықтың айқын қылмысы. Швецияда, Голландияда және әсіресе Данияда қайталанған шабуылдар бұл географияда демократия мен адам құқықтарының реттелмегенін көрсетеді» деді.

Ердоған кеңес мүшелеріне үн қатып «Құран кітапқа қарсы жасалған шабуылдардың сөз бостандығын сылтауратып қорғауға болмайтынын және олардың қоғамдық тыныштық пен тұрақтылықты нысанаға алатынын АҚШ Конгресінен бастап, барлық саяси күштерге тиімді түрде түсіндіруіңізді күтемін. Сіздердің қолдауыңыз Түркияға қарсы лоббилердің қаралау науқандарын залалсыздандыруда пайдалы болады деп ойлаймын. Террор ұйымдары PKK, PYD, YPG және ФЕТӨ туралы деректердің Американ халқына жұртшылығына жеткізілуіне үлес қосуларыңызды да күтемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар