Путин Ердоған туралы деректі фильмді өзіне ұсынды

Дмитрий Песков Путиннің Ердоғанға өзі туралы деректі фильм сыйға тартқанын мәлімдеді.

2033047
Путин Ердоған туралы деректі фильмді өзіне ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин президент Режеп Тайып Ердоғанға өзi туралы деректі фильм сыйлады.

Ресей президентінің Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік «ТАСС» ақпарат агенттігіне Путиннің Ресейдің Сочи қаласында Ердоғанға өзі туралы деректі фильмді табыс еткенін атап көрсетті.

Ердоған туралы деректі фильм ресейлік журналист және «ТАСС» ақпарат агенттігі бас директорының орынбасары Михаил Гусман тарапынан «ТАСС» және «Россия-24» телеарнасының режиссерлігімен түсірiлді.

Ердоғаннан алдында 4 рет сұхбат алған Гусманның «Формула Власти» (Биліктің формуласы) бағдарламасы аясында дайындаған деректі фильмінде Ердоғанның балалық шағынан бергі өмірі, саясатта өрлеуі, табысы мен басшылық қызметі бойынша қызметтері және алдыңғы сұхбаттарынан үзінділер баяндалады.

Сонымен қатар деректі фильмде президент Ердоғанның қысқа уақыт бұрын Түркия Республикасы Коммуникация басқармасының үйлестіруімен орыс тіліне аударылған «Одан да әділ әлем мүмкін» атты кітабынан маңызды мәлімдемелердi қоса отырып, Ердоғанның пiкiрлерiне назар аударылады.

Ресейдің «Россия-24» мемлекеттік телеарнасы көрсеткен деректі фильмнiң тұсаукесерi маусым айында Түркияның Ресей Федерациясындағы елшілігінде жасалды.

Ресейлік журналист Гусман президент Ердоғанның ұлы саясаткер екенін атап, «Түркия осындай көшбасшысы болғанына бақытты ел. Ол жай ғана ұлы саясаткер емес, ол ұлы тұлға, керемет бейне. Заманауи әлемді түсінетін өте жоғары деңгейлі, стратегиялық ой-өрісі бар саясаттанушы. Ердоғанның көшбасшы ретіндегі рөлі бүгінде Түркияда ғана емес, әлемде де өте маңызды орынға ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар