АҚШ Түркияға алғыс айтты

АҚШ Түркияға Қаратеңіз астық дәлізі келісімі аясындағы маңызды дипломатиялық талпыныстары үшін алғыс айтты.

2031704
АҚШ Түркияға алғыс айтты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік департаменті Түркияға Қаратеңіз астық дәлізі келісімі аясындағы маңызды дипломатиялық талпыныстары үшін алғыс айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кеше Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, астық бастамасын жаңартудың маңыздылығына назар аударғаны жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

Ресейдің астық бастамасын тоқтату шешімі азық-түлік қауіпсіздігімен күресіп жатқан қоғамдарға зиянын тигізетінін айтқан АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы  «Түркия мен басқа елдердің Ресейді келісімге қайтару әрекетін құптаймыз» деді.

Баспасөз хатшысы астық бастамасының мүмкін және функционалды болуы үшін көп күш салып жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы  және Түркиямен байланыста екенін атап өтті.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мәскеуде Лавровпен өткізген баспасөз мәслихатында Қаратеңіз астық бастамасына қатысты «Еліміздің қосқан үлесімен БҰҰ жаңа ұсыныстар пакетін дайындады. Бұл бастаманың қайта жандануына қолайлы негіз болады деп ойлаймыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар