ҰҚМ «30 тамыз Жеңіс күні мерекесімен» құттықтады

ҰҚМ «30 тамыз Жеңіс күні мерекесін» дайындаған бейне клиппен құттықтады.

2030875
ҰҚМ «30 тамыз Жеңіс күні мерекесімен» құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) «30 тамыз Жеңіс күні мерекесін» өзі дайындаған бейне клиппен құттықтады.

Министрліктің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған құттықтаумен жарияланған клипте Түрік Қарулы күштерінің бүгінгі  қолындағы отандық қару-жарақ, оқ-дәрі және техникамен жүргізген операцияларына қоса, жаттығу көріністері де орын алды.

30 тамыз күнінің грек армиясы үшін соңғы күн екені атап көрсетілген клипте «Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Паша 30 тамыз күні әскерлеріне «Армиялар! Сіздің алғашқы нысанаңыз Жерорта теңізі, алға!» бұйрығымен түстен кейін күшейген шайқас кешке дейін жалғасып, грек әскері толығымен ыдырап, үлкен шығынға ұшырады. Осылайша Измирге басып кіріп, Анадолыны қоршауды мақсат еткен грек әскерінің басқыншылық әректі олардың теңізге төгілуімен нәтижеленді» делінді.

Клипте Гази Мұстафа Кемал Паша берген «Алға!» бұйрығына сай, әрқашан ұлтының қол астында отандық технологиялармен жабдықталған Түрік Қарулы күштерінің қуаты мен жауапкершілігінің ескеріле отырып, күннен-күнге нығая түскені атап көрсетілді.

Түрік әскерінің кешегідей бүгін де досқа сенім, дұшпанға қорқыныш ұялатқаны баса айтылған клипте «Гази Мұстафа Кемал Ататүрік пен қаруластарынан бастап, ел үшін жанын пида еткен шейіттеріміз бен батыр ардагерлерімізді Алланың рақымы және құрметпен еске аламыз. «30 тамыз Жеңіс күні мерекесі» және Түрік Қарулы күштері күні құтты болсын» делінді.



Ұқсас жаңалықтар