Президент Ердоған Аныткабирге барды

Президент Ердоған «30 тамыз Жеңіс күні мерекесіне» орай Аныткабирге барды.

2030941
Президент Ердоған Аныткабирге барды
erdogan tebrikleri kabul.jpg

«30 тамыз Жеңіс күнінің» 101 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелдік өкілдіктерде салтанатты шаралармен тойлануда.

Бас қала Анкарадағы алғашқы рәсім Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің мәйіті орналасқан Аныткабирде өтті.

Президент Режеп Тайып Ердоған бастаған мемлекет қайраткерлері «30 тамыз Жеңіс күні мерекесіне» орай Аныткабирге барды.

Ердоған Ататүріктің кесенесіне ай-жұлдыз бейнеленген гүл шоғын қойғаннан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, Мемлекеттік Әнұран шырқалды.

Президент Ердоған мен мемлекет қайраткерлері кейін «Мисак-ы Милли» (Ұлттық келісім) мұнарасына өтті.

Осында Аныткабир арнайы кітапшасына қол қойған Ердоған «Құрметті Ататүрік! Түрік ұлтының еркіндік пен тәуелсіздік көзқарасының мәңгі ескерткіші болып қабылданған Ұлы Жеңістің 101 жылдығына жеткенімізді мақтан тұтамыз. Біздің даңқты тарихымыздың бетбұрыс сәттерінің бірі ретінде сіздердің қаруластарыңызды, Ұлы Ұлттық Мәжілістің құрметті депутаттарын және құрметті шейіттерімізді құрметпен еске аламыз. Заманауи өркениеттер деңгейінен де асу мақсатымыздың символына айналған «Түркия ғасыры» бағдарламамызды мемлекет пен ұлт бірлесе отырып, қажымас қайрат және табандылықпен жүзеге асырудамыз. Елімізді мұрат-мақсаттарын ұлтымыздың сан ғасырлық арманымен жақындастырмайынша күні-түні еңбек ете береміз. Сізге Алланың рақымын тілеймін» деп жазды.

Мемлекеттік рәсімнен кейін Аныткабир келушілерге ашылды. «30 тамыз Жеңіс күні» еліміз және шетелде түрлі рәсімдермен тойлануда.



Ұқсас жаңалықтар