Президент Ердоған «30 тамыз Жеңіс мерекесімен» құттықтады

Президент Ердоған «30 тамыз Жеңіс күні мерекесінің» 101 жылдығына орай құттықтау жолдады.

2030855
Президент Ердоған «30 тамыз Жеңіс мерекесімен» құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 30 тамыз Бас қолбасшылық шайқасының түрік ұлтының ғасырлар бойы өмір сүру үшін күресіндегі ең маңызды бетбұрыстардың бірі екенін атап көрсетті.

Президент Ердоған «30 тамыз Жеңіс күні мерекесінің» 101 жылдығына орай құттықтау жолдады.

30 тамыз күні Бас қолбасшылық шайқасының түрік ұлтының ғасырлар бойы аман қалу күресіндегі ең маңызды бетбұрыстарының бірі екенін атап көрсеткен Ердоған «Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің сөзімен айтқанда, 30 тамыз Жеңісі «Түрік армиясының, түрік офицерлері мен қолбасшылық құрамының қажымас қайраты және ерлігін тағы бір мәрте тарихқа айқындаған өте үлкен бір туынды» деді.

Президент «Түрік ұлтының еркіндік пен тәуелсіздік көзқарасының мәңгі өлмес ескерткіші» болатын бұл жеңіспен ұлттың өз ерік-жігерін кепілдікке бермейтінін, тәуелсіздігі мен болашағына көлеңке түсірмейтінін бүкіл әлемге көрсеткенін білдірді.

Ердоған «Ұлтымыздың ең басты қасиеті болып табылатын еркіндікке деген сүйіспеншілігі бүгін де өз жалғасын табуда. 15 шілдедегі (2016 жылғы ФЕТО-ның төңкеріс әрекеті) сатқындыққа қарсы аңызға айналған күрестен бастап, соңғы жылдары болмысымызға бағытталған шабуылдарға ұлтымыз қайтарған жауап, бұл ерік-жігердің қаншалықты жанды және тұрақты екенін бірнеше рет көрсетті» деді.

Ердоған «Алдағы кезеңде жасайтын жаңа қадамдарымызбен еліміздің күшіне күш қосып, Түркияны қазіргі өркениеттер деңгейінен жоғары сатыға көтереміз» деді.

Ердоған жолдауында Республиканың негізін қалаушы, Үлкен шабуылдың бас қолбасшысы Гази Мұстафа Кемал мен қаруластарын ризашылықпен еске алып, «Барша шейіттеріміз бен ардагерлерімізге Алла рақымын жасасын. 30 тамыз Жеңіс күні мерекеңіз құтты болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар