Бүгін - 30 тамыз Жеңіс мерекесі

Сакария шайқасы азаттық соғысының бетбұрыс кезеңдерінің бірі болды.

2030779
Бүгін - 30 тамыз Жеңіс мерекесі
30 Ağustos 2.jpg

Бүгін - 30 тамыз Жеңіс мерекесінің 101 жылдығы.

«Не тәуелсіздік, не өлім!» деп шыққан жолда грек әскері жеңіліске ұшырап, осыдан 101 жыл бұрын жеткен жеңіспен бүгін түрік ұлты тағдырын өзгертті.

Анадолыға басып кіруге болмайтыны бүкіл әлемге паш етіліп, дүние жүзіндегі ең үлкен батырлық дастандарының бірі ретінде тарихқа енді.

Түрік елі жеңіске қаны, жан-тәні, мылтығымен аттанды. Екі тарап ауыр шығынға ұшыраған Сакария шайқасы азаттық соғысының бетбұрыс кезеңдерінің бірі болды.

Осы жеңістен кейін тоқтатылған жау әскерін толығымен елден қуып шығу үшін дайындық басталды.

Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік 1922 жылы 26 тамыз күні Бас қолбасшылық майдан шайқасын бастады. 

27 тамыз күні Афйонкарахисар, 30 тамыз күні Күтахия, 1 қыркүйек күні Эмет пен Тавшанлы жаудың басқыншылығынан азат етілді. 9 қыркүйек күні Измирде грек әскерін теңізге төккен түрік армиясы Мұстафа Кемал Пашаның бұйрығын үлкен табыспен орындады.

Жаһандық күштер әскери күшпен мойындатқысы келетін "Севр келісімі" соғыс майданында бұзылды. Лозанна бейбітшілік келісімі қамтамасыз етілді. Түркия «Мисак-ы Миллидің» (ұлттық шекаралар) географиялық мақсаттарына қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар