"Қырымның аннексиясы - заңсыз"

Президент Ердоған Киевте өткен Қырым платформасының Үшінші саммитіне бейне үндеу жолдады.

2028549
"Қырымның аннексиясы - заңсыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Қырымның аннексиясын танымаған Түркияның осы қадамның алғашқы күннен бері заңсыз екенін айтып келгенін білдірді. «Украинаның территория тұтастығы мен егемендігін қолдайтын ұстанымымызды сақтаймыз» деді ол.

Президент Ердоған Украинаның астанасы Киевте өткен Қырым платформасының Үшінші саммитіне бейне үндеу жолдады. Ердоған Украинаның Байрак күні мен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Қырым күресінің бейбіт жолмен ықпалды түрде жүргізілуі мақсатымен қалыптастырылған осы платформаның Қырым тақырыбында күш болатынын айтты.  Ердоған: «Қырымның аннексиясын танымайтын Түркия осы қадамның заңсыз екенін алғашқы күннен бері табандылықпен айтып келеді.  Украинаның территория тұтастығы және егемендігін қолдайтын ұстанымымызды сақтаймыз.  Қырымның Украинаның бір бөлшегі екенін, БҰҰ бастаған барлық платформаларда тілге тиек етіп келеміз. Қырымның жергілікті тұрғындары Қырым татарлары қандастарымыздың қауіпсіздік және амандығы біз үшін басты орында» деді.

Қамаудағы Қырым татар Ұлттық мәжілісінің төраға орынбасары Нериман Джелал мен жолдастарының еркін жіберілуі керектігін қайталаған Ердоған: «Соғыста жеңімпаз болмайды. Бейбітшілікте де ешкім жеңілмейді. Осы түсінікпен екі жылдан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының әділ және түбегейлі бейбітшілікпен аяқталуы керектігін айтып келеміз.  Осы процесте аққан қанның тоқтауы, кемінде тараптардың келіссөз үстеліне дайындалуы үшін байланыс каналдарын ашық ұстау үшін жұмыстанып келеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар