Болгария Түркияның Еуропалық Одаққа мүшелігін қолдайды

Болгария вице-премьері және сыртқы істер министрі Мария Габриэль «Болгария Анкараның Еуропалық бастамасын қолдайды» деді.

2027820
Болгария Түркияның Еуропалық Одаққа мүшелігін қолдайды

Болгария вице-премьері және сыртқы істер министрі Мария Габриэль Түркияның Еуропалық Одаққа (ЕО) мүшелік процесі туралы «Болгария Анкараның Еуропаға бағытталған бұл бастамасын қолдайды» деді.

Бас қала Анкарада болған Габриэль министрлікте Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінен кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Түркия сапарының өте маңызды кезеңде болғанын түсіндірген Мария Габриэль «Кездесу барысында біз стратегиялық және ортақ мүддеге қатысты мәселелерді талқыладық. Әрине көрші елдер мен НАТО мүшелері серіктес ретінде Түркия мен Болгария Қаратеңіз аймағында қауіпсіздікті орнату және сақтау үшін жауапты» деді.

Габриэль Түркияның Еуроодаққа мүшелік процесіне қатысты «Түркия ЕО мүшелік процесінде. Болгария мүше ретінде Анкараның Еуропалық бастамасын қолдайды» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар