Түркияның тұңғыш әйел контр-адмиралы Гөкчен Фырат

НАТО Түркияның тұңғыш әйел контр-адмиралы Гөкчен Фыратқа құттықтау жолдады.

2026257
Түркияның тұңғыш әйел контр-адмиралы Гөкчен Фырат

НАТО Одақтас теңіз күштері қолбасшылығының  Ұлыбританиядағы Нортвуд базасында міндет атқарған Фыраттың контр-адмирал дәрежесіне көтерілуіне байланысты мәлімдеме жасап, құттықтады.

Мәлімдемеде Түрік Қарулы Күштерінде тұңғыш әйел контр-адмиралы  Гөкчен Фыраттың НАТО-дағы міндеті жайлы  ақпараттар білдірілді.

Фыраттың маңызды міндет атқарғанына орын берілген мәлімдемеде «(Фыраттың) орны НАТО-ның тұрақты әскери-теңіз күштерінің ірі көпұлтты миссияларға қатысуын қоса алғанда, одақ көлеміндегі әскери-теңіз операциялары мен жаттығуларының сәтті болуы үшін өте маңызды» делінді

Фырат Жоғарғы Әскери Кеңестің шешімдерімен контр-адмирал дәрежесіне көтерілді және Түркияның алғашқы әйел адмиралы болды.

Контр-адмирал Фырат Ұлыбританиядағы НАТО Одақтас теңіз күштері қолбасшылығы «MARCOM» қолбасшысының операциялар жөніндегі орынбасары.



Ұқсас жаңалықтар