Министр Гүлер Анкарада баспасөзге мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер террормен күрес тақырыбына тоқталды.

2023762
Министр Гүлер Анкарада баспасөзге мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер ұлтты террор індетінен аман алып қалуға табанды екендерін атап көрсетті.

Ирактың солтүстігінде PKK террор ұйымына қарсы жүргізілген «Пенче-килит» операциясының сәттілікпен жалғасып жатқанын атап көрсеткен Гүлер «Түрік әскері бұл аймақтың үлкен бөлігін тазартты» деді.

Гүлер аймақта террористерді іздестіру жұмыстарының жалғастырылғанын, барлық үңгір мен баспаналарға бірінен соң бірі басып кіргендерін атап көрсетті.

Өздерін күтіп тұрған соңнан құтыла алмайтынын жақсы білген террористердің шабуыл әрекеттерін жасағанына назар аударған Гүлер «Өкінішке орай шейіттеріміз бар. Бұл шабуылдар мен қудалауларға дереу жауап қайтарылады. Түрік әскері қаруластарының қанын жерде қалдырған жоқ, бұдан кейін де қалдырмайды. Бұған ешкімнің күмәні болмау керек» деді.

Гүлер жақында осы аймақта соңғы кездері берілген террористердің көріністерін бөліскендерін еске салып, «Көшбасшылары тарапынан өлуге қалдырылған, үңгірлерде аштықтан ішектері тесілген лаңкестер берілуді жөн көреді. Біз террористтер үшін жалғыз жолдың түрік әділетіне берілу екенін үнемі айтамыз. Лаңкестер мен олар қызмет ететін опасыз күштерге қарсы айтарымыз, кім қалай қолдаса да, ұлтымызды лаңкестік індетінен аман алып қалуға табандымыз. Бұған күш-жігеріміз жетеді» деді.

Түркияның Сирияда бейбітшілік қалағанын еске салып, бұл үшін сатылы түрде (Сирия режимімен) келіссөздер жүргізілгенін атап көрсеткен Гүлер «Түркия шынайылықпен бейбітшілікті қалайды. Бірақ біздің сезімталдығымыз бар. Шекарамыз бен халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше (Сирияның солтүстігінен) оларды тастап кетуіміз мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар