Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Ердоған: "Әр салада азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын инфрақұрылымдар жасадық".

2021479
Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған 21 жылдық билігі кезінде әр салада барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыратын инфрақұрылымдарды жасағандарын атап көрсетті.

Президент Ердоған Президенттік сарайда өткен Президенттік Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ел алдындағы тарихи мүмкіндіктер терезесін аяғына дейін ашуға бел байлағандарын атап көрсеткен Ердоған «Билік ретінде қасиетті жолымызға  қызмет етуге күшіміз де, сеніміміз де бар. Мемлекет ретінде бізде инфрақұрылым мен әлеует жеткілікті. Бірлігімізді, бауырластығымызды берік ұстанайық. Түркия ғасырлар бойы алғаш рет жаһандық жүйенің жоғарғы лигасына көтерілу мүмкіндігіне ие болды» деді.

Елдегі ең үлкен даму мен демократиялық бастамаларға (өз биліктері кезінде) қол қойғандарын, жыл сайын орта есеппен 5,5 пайызға өсіп, ұлттық табысты 1 триллион шегіне әкелгендерін атап көрсеткен Ердоған «Жұмыспен қамтуды 32 миллионға жеткізген бір Түркия бар. Терроризм мен төңкерістерден экономикалық тұзақтарға дейін бетпе-бет қалған көптеген мәселеге қарамастан, біз әр салада азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын инфрақұрылымдар жасадық» деді.

Сондай-ақ Ердоған Парламенттің ашылуымен неғұрлым либералды жаңа конституция бойынша жұмыс істей бастайтындарын баса айтты.

«Шілде айы экспорт көрсеткіштері серпіннің артып келе жатқанын көрсетеді» деген Ердоған «Шілде айында экспортымыз 20 миллиард 93 миллион доллар болды. Бұл көрсеткішпен біз шілде айында ең жоғары экспортқа жеттік» деді.

Орта мерзімді бағдарламаның іскер әлемі және кәсіподақ өкілдерімен бірге дайындалып жатқанын білдірген Президент «Бұл туралы қыркүйек айында жариялаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар