Әлем баспасөзінде басшылардың телефон әңгімесі кең орын алды

Президент Ердоған мен Путиннің телефон әңгімесі әлем баспасөзінде жаңғырық тудырды.

2019999
Әлем баспасөзінде басшылардың телефон әңгімесі кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон әңгімесі әлем баспасөзінде жаңғырық тудырды.

Екі басшының кездесуінде 2022 жылы 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысын тоқтату талпыныстары, «Астық дәлізі келісімі» үшін жүргізілген үдеріс пен Путиннің Түркия сапары назарға алынды.

Әлем баспасөзі басшылардың телефон әңгімесін басты тақырыппен берді.

Британдық Рейтер ақпарат агенттігі әңгіме туралы «Ердоған Путинді «Астық дәлізі келісіміне» қайта оралуға шықырды және дипломатияны жалғастыратынын айтты» делінді.

Британдық трансляция мекемесі «Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті, Ресей басшысы Түркияға баруды жоспарлауда» тақырыбын қолданды.

Француз «AFP» ақпарат агенттігі хабарында «Ердоған Мәскеудің Украинадан астық тасымалдау үшін маңызды нысандарды атқылауының артынан Путинге шиеленісті одан көп ушықтырмауға шақырды» делінді.

Катарда орналасқан «Al Jazeera» басылымы «Путин түрік әріптесі Ердоғаннан Ресейдің азық-түлік тапшылығынан зардап шеккен Африка елдеріне астығын экспорттауға көмектесуін сұрады» деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар