Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті

Екі басшы Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға сапары туралы келісімге келді.

2019311
Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттік Коммуникация басқармасы Ердоған мен Путиннің телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Әңгіме барысында екі басшы Путиннің Түркияға сапары туралы келісімге келді.

Түркияның орман өрттерімен күресу үшін Ресей жіберген 2 өрт сөндіру ұшағы үшін әріптесіне алғысын білдірген президент Ердоған ресейлік туристердің Түркияға деген қызығушылығының артуына риза екенін білдіріп, биылғы жылы туризмде рекорд жаңаратынына сенім білдірді.

2022 жылдың 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысында шиеленісті ұлғайту үшін қадамдар жасалмау керектігін білдірген президент Ердоған «бейбітшілік көпірі» деп есептейтін Қаратеңіз бастамасының маңыздылығын тілге тиек етті.

Қаратеңіз бастамасының ұзақ мерзімді тоқтатылуының ешкімге пайда әкелмейтінін, көп зардапты астыққа мұқтаж және табысы төмен елдердің шегетініне назар аударған президент Ердоған 23 пайызға арзандаған астық бағасының соңғы екі аптада 15%-ға өскенін білдірді.

Ердоған Түркияның Қаратеңіз бастамасының жалғасуы үшін қарқынды күш-жігер мен дипломатияны жалғастыратынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар