Түркия және Грекия Қорғаныс министрлері сөйлесті

Апатқа ұшыраған ұшқыштар үшін көңіл айтты.

2016092
Түркия және Грекия Қорғаныс министрлері сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Грекияның Қорғаныс министрі Никос Дендиаспен телефон арқылы сөйлесіп, Грекияда апатқа ұшыраған өрт сөндіру ұшағының ұшқыштары үшін көңіл айтты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Гүлер грек әріптесімен телефон арқылы сөйлесті.

Телефонда министр Гүлер Эгрибоздағы Платанистос аймағында апатқа ұшыраған өрт сөндіру ұшағының ұшқыштары үшін көңіл айтып, Грекиядағы өрт сөндіру жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Кеше Грекия астанасы Афинадан 200 шақырымдай жердегі Каристо аймағында өрт сөндіруге қатысқан ұшақ екі ұшқышымен бірге апатқа ұшыраған еді.



Ұқсас жаңалықтар