Түркия мен БАӘ инвестициялық 13 келісімге қол қойды

Ердоған ​​кеше Парсы шығанағы сапарының соңғы аялдамасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сапарын аяқтады.

2013680
Түркия мен БАӘ инвестициялық 13 келісімге қол қойды
erdogan-al nahyan3.jpg
erdogan-al nahyan2.jpg
erdogan-al nahyan1.jpg
erdogan bae.jpg
erdogan-al nahyan.jpg

Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасында 50,7 миллиард долларлық келісімге қол қойылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​кеше Парсы шығанағы сапарының соңғы аялдамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) президент шейх Мұхаммед ибн-Заид әл-Нахаян мемлекеттік рәсіммен қарсы алды.

«Әл-Ватан» сарайындағы салтанатты рәсімнен кейін оңаша кездескен Ердоған мен Әл-Нахаян кейін делегациялар аралық кездесуге төрағалық етті.

Ердоған осында екі ел арасында қол қойылатын ортақ келісімнің арқасында қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілетінін атап көрсетті.

25-28 шілде күндері арасында Стамбулда өтетін «Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі жәрмеңкесі IDEF»-пен бұл ынтымақтастықтың алға жылжитынын атап көрсеткен Ердоған Абу-Даби Халықаралық кітап көрмесіне «құрметті қонақ» ретінде шақырылғанына қуанышты екенін білдірді.

Ердоған биылғы жылы Абу-Дабиде «Түрік мәдени орталығын» ашу арқылы осы ынтымақтастықты жетілдіргісі келетіндерін тілге тиек етті.

Кейін Түркия мен БАӘ арасында инвестиция, экономика, өнеркәсіп, қорғаныс, құқық, сот, жаңартылатын энергия және ғарыш өнеркәсібі салаларында жалпы сомасы 50,7 миллиард долларды құрайтын 13 келісімге қол қойылды.

Әл-Нахаян кездесудің артынан президент Ердоғанға «Зайед мемлекеттік орденін» табыстады.

Ердоған мен Әл-Нахаян биыл БАӘ-де өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық өзгеріс конференциясы үшін арнайы дайындалған білезікті тағып суретке түсті.

Әл-Нахайян президент Ердоғанды ​​саммитке шақырды. Ердоған болса Әл-Нахаянға Түркияның алғашқы отандық автокөлігі «TOGG»-ты сыйға тартты.

Әл-Нахаян айдаған «Pamukkale white» түсті «TOGG»-пен «Әл-Ватан» сарайынан шыққан  Ердоған Абу-Даби көшелерін аралады.

Кейін Әл-Нахаян «TOGG»-пен президент Ердоғанды ​​қонақүйіне дейін апарып салды.



Ұқсас жаңалықтар