Әл-Нахаян: "Ердоғанмен Абу-Дабиде кездескеніме қуаныштымын"

Әл-Нахаян президент Ердоғанның Абу-Дабиге сапары туралы хабарлама жасады.

2013763
Әл-Нахаян: "Ердоғанмен Абу-Дабиде кездескеніме қуаныштымын"

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) басшысы Мұхаммед ибн-Заид Әл-Нахаян Түркиямен өзара қарым-қатынастардың болашақта әлдеқайда жақсы дамитынына толық сенгенін білдірді.

Әл-Нахаян Парсы шығанағы сапары аясында Абу-Дабиге барған президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындағы түрік делегациясын «Әл-Ватан» сарайында ресми рәсіммен қарсы алды.

Қарсы алу рәсімінің артынан сөйлеген сөзінде Әл-Нахаян Түркиямен өзара қарым-қатынастардың алдағы кезеңде әлдеқайда жақсы дамитынына толық сенетіндерін атап көрсетті.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Түркияны әсіресе сауда, технология, энергетика, қауіпсіздік және азық-түлік салаларында басты серіктесі ретінде қарастырғанын атап көрсеткен Әл-Нахаян Түркияның да аймақтағы оқиғаларды жақыннан қадағалап отырғанын, екі елдің жауапкершілігінің осы өзгерістерді оңынан қолдау екенін айтты.

Әл-Нахаян БАӘ ретінде Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастардың елшілік деңгейіне көтерілгеніне қуанышты екендіктерін білдіріп, Анкара мен Каир жақындасуын бүкіл аймақ үшін маңызды бір жаңалық деп бағалады.

Түркияның қараша айында Дубайда өтетін «COP 28 Климат конференциясына» белсенді қатысуына мән бергендерін атап көрсеткен Әл-Нахаян болашақ ұрпақтар үшін әлемді қорғау мақсатында климат пен қоршаған ортаға қатысты ортақ шешімдер қабылдай алатындарын білдірді.

Әл-Нахаян Твиттер аккаунтынан президент Ердоғанмен кездесуі туралы хабарлама жасады.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және өз халқының игілігі үшін экономикалық және даму ынтымақтастығын ілгерілетуді талқылағандарын атап өткен Әл-Нахаян аймақ халқының игілігі үшін бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуді қолдау мақсатты оң өзгерістердің маңыздылығын да талқылағандарын мәлімдеді.

Кездесу туралы фотосуреттер бөліскен Әл-Нахаян «Ердоғанмен Абу-Дабиде кездескеніме қуаныштымын» деді.



Ұқсас жаңалықтар