Министрлердің 15 шілде хабарламалары

Хакан Фидан, Яшар Гүлер және Али Йерликая «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күніне» орай хабарлама жасады.

2011588
Министрлердің 15 шілде хабарламалары

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күніне» орай хабарлама жасады.

Фидан өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Ардақты халқымыз 15 шілде күні халықаралық империализмнің сенімді өкілдері арқылы Түркияны басып алу әрекеттерін президентіміздің басшылығымен жойып, «Түркия ғасырының» есігін айқара ашты. Алаңдарға қорықпай жүгініп, ФЕТО сатқындық желісіне жол бермеген шейіттерімізді Алланың рақымымен еске алып, батыр ардагерлерімізге ризашылығымды білдіремін.  Демократия және ұлттық бірлік күні құтты болсын!»

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер болса әлеуметтік желідегі хабарламасында «15 шілде түні сатқындарға қарсы нық тұрып, Отаны, туы және құндылықтары үшін жанын пида қылған шейіттерімізді Алланың рақымымен еске аламыз. Осы жолда ардагер атанған батырларымызға және 15 шілде дастанын жазған аяулы азаматтарымызға құрмет пен алғысымды білдіремін» деді.

Ішкі істер министрі Али Йерликая болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні» мерекесіне арналған хабарламасында «15 шілденің 7-ші жылдығында еліміздің түкпір-түкпірінде «Түркия ғасыры» батыры болған шейіттерімізді, ардагерлерімізді, қолдарында ай мен жұлдызы бар даңқты байрағымызбен сатқындарға «тоқтаңдар» деген миллиондаған отандасымызды еске аламыз.

Және президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырза айтқандай «табысқа жете алмайсыз» деп айқайлаймыз. Біздің ұлтымызды бөле алмайсыз! Туымызды түсіре алмайсыз! Отанымызды бөлшектей аламайсыз! Мемлекетімізді құлдырата алмайсыз! Азан дауысын өшіре алмайсың! Бұл елге тізе бүктіре алмайсыз! Бұл халыққа кісең таға алмайсыз! Мың жылдан бері жүріп жатқан бұл жолдан қайтара алмайсыз! Елімізді өз мақсаттарынан бас тарта алмайсыз!» деді.

#TürkiyeYüzyılınınKahramanları #TürkiyeninHuzuru" 



Ұқсас жаңалықтар