ФЕТӨ-нің опасыз төңкеріс әрекетіне 7 жыл толды

Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ) мүшелері 2016 жылы 15 шілде күні опасыз төңкеріс әрекетін жасады.

2011573
ФЕТӨ-нің опасыз төңкеріс әрекетіне 7 жыл толды
15 temmuz 1.jpg

Бүгін Фетуллахшы террор ұйымының (ФЕТӨ) опасыз төңкеріс әрекетіне 7 жыл толды.

Түркия Республикасының ұлттық бірлігі мен тұтастығына шабуыл жасау мақсатымен елді түнекке қалдыруды көздеген «ФЕТӨ» мүшелері 2016 жылы 15 шілде күні опасыз төңкеріс әрекетін жасады.

Түрік демократиясын нысанаға алған бұл опасыз төңкеріс әрекеті түрік халқының демократияны және сайланған билікті қорғаудағы дастанға айналған қарсылығымен тойтарылды.

Елдің әскери және қауіпсіздік саласынан бастап көптеген мекемеге ену арқылы шынайы мақсаттарын 2016 жылы 15 шілде күні ашқан ФЕТӨ-ші төңкерісшілдердің қанды әрекеті, президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияның түкпір-түкпірінде демократияны қорғау үшін алаңдарды толтырған азаматтардың қолдауымен тоқтатылды.

Түрік ұлтының батылдығы және табандылығымен қол жеткізілген бұл жеңіс әлемде бұрын-соңды болмаған көңіл-күймен демократиялық сананы паш етті.

Тарихқа даңқын қалдырған бұл күресте Түркияның түкпір-түкпірінде алаңдарға шыққан, танк пен оқтың алдына тұрған 253 азамат шейіт болды.

Түркия «15 шілде Жеңісінің» 7 жылдығында отан және байрақ үшін еш ойланбастан жанын пида қылған шейіттерін Алланың рақымымен еске алады.

Жеңіспен аяқталған бұл мағыналы күрес пен жауынгерлік рухты қоғам жадында мәңгі сақтау үшін «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» жыл сайын мұқият дайындалған түрлі іс-шаралармен атап өтіледі.



Ұқсас жаңалықтар