Президент Эди Рамамен кездесті

Президент Ердоғанның кездесулері саммиттің екінші күнінде де жалғасуда.

2010417
Президент Эди Рамамен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Литваның астанасы Вильнюсте өтіп жатқан НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті аясында Албания премьер-министрі Эди Рамамен кездесті.

Президент Ердоғанның «LITEXPO» көрме және жәрмеңке орталығындағы кездесулері саммиттің екінші күнінде де жалғасуда.

Делегациялар да қатысқан кездесуде Ердоғанға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық барлау ұйымы басшысы Ибрахим Калын, Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун, Президенттің бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч серік болды.



Ұқсас жаңалықтар