Алтуннан Сребреница хабарламасы

Фахреттин Алтун Сребреница қырғынының 28 жылдығына орай хабарлама жасады.

2009891
Алтуннан Сребреница хабарламасы

Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Бүкіл әлемнің көз алдында орын алған және 8 мың 372 жазықсыз адамның өмірін қиған опасыз қырғынды айыптаймын» деді.

Фахреттин Алтун Сребреница қырғынының 28 жылдығына орай әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Алтун хабарламасында «Бүкіл әлемнің көз алдында орын алған және 8 372 жазықсыз адамның өмірін қиған опасыз қырғынды айыптаймын. Түркия ретінде Босния халқының жанында болып, Балқан географиясының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әр қадамды басуды жалғастырамыз. Сребреницадағы шейіттеріміздің жаны жәннатта болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар