Ердоған "APPNA"-ға бейне хабарлама жолдады

Ердоған батыста артып бара жатқан исламофобия және ксенофобиямен күрес тақырыбына назар аударды.

2008781
Ердоған "APPNA"-ға бейне хабарлама жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған батыс елдерінде күшейіп жатқан исламофобия және ксенофобиямен бірге күрестің қажеттілігіне назар аударды.

Президент Ердоған АҚШ-та Солтүстік Америка Пәкістандық Дәрігерлер Ассоциациясының (APPNA) 46-шы жылдық конференциясының Гала кешіне бейне хабарлама жолдады.

Ердоған жолдауында Түркия мен Пәкістанның ерекше қарым-қатынастары бар екі бауырлас ел екенін, 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін пәкістандықтар жіберген көмекпен Түркияның жанында екенін тағы бір рет көрсеткенін түсіндірді.

Пәкістан текті америкалықтардың да жер сілкінісінен кейін «APPNA»-ның ұйымдастырылған жәрдем науқанына қосылғанын Түркияға жәрдем жібергеніне назар аударған Ердоған бұл бірлік пен ынтымақтың тұрақты болуын тіледі.

Батыс елдерінде күшейіп келе жатқан исламофобия және ксенофобиямен бірігіп күресу керектігін тағы бір рет еске салған Ердоған «Құрбан айттың 1-ші күні Швецияда қасиетті кітабымыз Құранға жасалған опасыз шабуыл исламофобияның қорқынышты тұғырын ашып берді. Түркия ретінде қатаң наразылық көрсеткен бұл әрекеттердің қайталанбауы үшін баршаға, барша мұсылмандарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бір жүрек, бір білек болып қозғалсақ, мұсылмандардың қасиетті орындарына шабуыл жасауға әлемде ешкімнің батылы жетпес» деді.



Ұқсас жаңалықтар