Президент Ердоған Байбуртта маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған алдағы айда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесетінін айтты.

2008724
Президент Ердоған Байбуртта маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған алдағы айда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесетінін айтты.

Байбурттағы жаппай ашылу салтанатында мәлімдеме жасаған Ердоған жаңа типтегі коронавирус індетінің жаһандық тепе-теңдіктерді бұзғанын, зауыттардың бірнеше ай бойы жабылғанын және көптеген жерде өндірістің тоқтап қалғанын білдірді.

Дамыған елдерде де жаман көріністер бар екенін түсіндірген Ердоған «Біз бұл процесті оңай бастан өткердік. Біз бірде-бір халқымызды иесіз тастаған  жоқпыз. Дәл эпидемиялық дағдарыс аяқталғанда бұл жолы Қаратеңіздегі (Ресей-Украина) көршілерімізде соғыс басталды. Кеше біз Украина Президенті Зеленскийді күтіп алдық. (Ресей президенті) Путин мырзамен тамыз айында кездесеміз» деді.

Түркияны бір жарым жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыстың жағымсыз әсерлерінен қорғауға тырысқандарын айтқан Ердоған «Алайда айналамыздағы оқиғалар түрік экономикасына әсер етеді. 6 ақпандағы (Орталығы Кахраманмарашта болған) жер сілкіністері бізді 104 миллиард доллар шығынға апарып соқты. Біз Мұның бәрін біз шешеміз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар