Фарук Каймакжы заңсыз миграция мәселесіне тоқталды

Түркияның ЕО жанындағы Тұрақты өкілі Фарук Каймакжы заңсыз миграцияның әлем мен Еуропаның ортақ мәселесі  екенін айтты

2007140
Фарук Каймакжы заңсыз миграция мәселесіне тоқталды

Түркияның Еуропалық Одақ (ЕО) жанындағы Тұрақты өкілі Фарук Каймакжы Еуроодақтың заңсыз миграциямен күресу үшін біртұтас шешімді қабылдауы керектігін айтты.

Іс-шара Түркия бірінші рет қолға алған Халықаралық көші-қон саясатын дамыту орталығының Атқарушы кеңесінің төрағалығы аясында Бельгияның астанасы Брюссельдегі Түркия Палаталар және биржалар одағының офисінде өтті.

Елші Каймакжы және Көші-қон басқармасының басшысы доктор Саваш Унлү ұйымдастырған іс-шараға  ЕО-ның Кеңейту жөніндегі комиссары Оливер Вархели, Еуропарламент депутаттары, ЕО органдары мен азаматтық ұйымдардың өкілдері, Экономикалық даму қорының төрағасы Айхан Зейтиноглу және Халықаралық көші-қон саясатын дамыту орталығының бас директоры Майкл Шпинделеггер қатысты.

Каймакжы заңсыз миграцияның әлем мен Еуропаның ортақ мәселесі  екенін, көші-қонды басқарудың тұтас шешімді қажет ететінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар