Түркия мен Мысыр өзара елші тағайындайды

Түркия мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар елшілік деңгейіне көтерілді.

2006738
Түркия мен Мысыр өзара елші тағайындайды

Түркия мен Мысырдың ортақ мәлімдемесінде Түркияның Мысырдағы елшісі лауазымына Салих Мутлу Шенді, Мысырдың Түркиядағы елшісі қызметіне Амр Елхамамидің ұсынылғаны атап көрсетілді.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың деңгейін екі ел президенттері қабылдаған шешімге сәйкес көтерілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Бұл қадам екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қайта қалыпқа келтіруге бағытталған және екіжақты қарым-қатынастарды түрік және мысыр халықтарының мүдделеріне сәйкес дамытуға деген өзара ерікті көрсетеді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар