Ердоған мен Реиси телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реиси және Ирак Күрд аймақтық үкіметінің басшысы Нечирван Барзанимен телефон арқылы сөйлесті.

2005332
Ердоған мен Реиси телефонда сөйлесті
barzani-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реиси және Ирак Күрд аймақтық үкіметінің басшысы Нечирван Барзанимен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемесіне қарағанда телефондағы әңгіме барысында бір біріне Құрбан айт мерекесінің барша адамзатқа, әсіресе Ислам әлеміне бейбітшілік, тыныштық және молшылық әкелуі тілектерін жеткізгені білдірілді.  

Президент Ердоған мен Реисидің телефондағы әңгімелерінде екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер де талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар