Президент Құрбан айт мерекесіне орай бейне үндеу жариялады

Президент азаматтарды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтады.

2004647
Президент Құрбан айт мерекесіне орай бейне үндеу жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Республиканың жаңа ғасырын жаңа кезеңді, жаңа дамуды және жаңа қоғамдық келісімді мақсат еткенін айтты.

Ердоған бейне үндеу жариялап азаматтарды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, мерекенің түрік ұлты және ислам әлемі мен барша адамзатқа құт-береке әкелуін тіледі.

Айттардың ұлт ретінде бірлік, ынтымақ және мәңгі бауырмалдықты есте сақтайтын күндер екенін атап көрсеткен Ердоған «Құрбан айт әсіресе бөлісу мен ынтымақ шыңға көтерілген құнарлы бір мезгіл. 6 ақпан күнгі жер сілкіністері жүрегімізді өртеген осы айларда Құрбан айт азаматтарымыз арасында бауырмалдық сезімдерді құдай қаласа одан да нығайтады деп ойлаймын» деді.

Жер сілкінісінің іздерін өшіру және жер сілкінісінен зардап шеккендерді жаңа үйлеріне тезірек қауыштыру үшін жұмыстардың үздіксіз жалғасқанын атап көрсеткен президент Ердоған «Қазан-қараша айларынан бастап зілзаладан зардап шеккендерге үйлердің бірінші бөлігін тапсыруды бастаймыз. Біз ұлтымызға берген уәде бойынша 319 мыңы бір жылдың ішінде, барлығы жалпы 650 мың жер сілкінісі тұрғын үйін аяқтауға бел будық» деді.

Президент Ердоған 14 және 28 мамыр күндері өткен сайлаулардың артта қалуымен елдің мәселелеріне көбірек назар аудару мүмкіндігіне ие болғандарына назар аударып, «Ұлтымыздың тәуелсіздік пен болашақ жолындағы күресінде Республиканың жаңа ғасыры жаңа бір кезеңді, жаңа дамуды және жаңа қоғамдық келісімді мақсат етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар