«TCG ISTANBUL» фрегатының теңіз сынақтары басталды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.
Түркияның «TCG ISTANBUL» ұлттық фрегаты көгілдір отанда алғаш рет жүзді.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеменің теңізде қабылдау сынақтарын бастағанын жариялады.
Ұлттық фрегат «TCG ISTANBUL» ұзындығы 113 метр, ені 14 жарым метр. 123 экипаж қызмет атқаратын кеменің 5 мың 700 теңіз милі қашықтығында.
Кеме заманауи және отандық қару жүйелерімен жабдықталған.
«MKE» теңіз зеңбірегі, «ATMACA» кемеге қарсы зымыран жүйесі, «GÖKDENİZ» жақын әуе қорғаныс жүйесі және «MIDLAS» ұлттық тік ұшыру жүйесі сияқты жүйелер орналасады.
Осы ерекшеліктер теңіз флотының, көгілдір отанда әсіресе әуе қорғаныс қабілеті бойынша теңіз күшін арттырады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда аза тұту күні жарияланды.