Ердоған "Дүниежүзілік босқындар күніне" тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған "20 маусым Дүниежүзілік босқындар күніне" орай хабарлама жариялады.

2002172
Ердоған "Дүниежүзілік босқындар күніне" тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған әрқашан адамгершілік және көршілестік парызын орындаған Түркияның босқындардың отандарына аман-есен, ерікті және абыроймен оралуын қолдағанын және бұл үшін қажетті жобаларды жүзеге асырғанын білдірді.

Президент Ердоған "20 маусым Дүниежүзілік босқындар күніне" орай хабарлама жариялады.

Террор, қақтығыс, азаматтық соғыс, аштық және жоқшылық сияқты себептермен әлемнің әртүрлі аймақтарындағы адамдардың көшуге мәжбүр болғанын атап көрсеткен Ердоған:

«Біздің тұрақсыз көші-қон және босқындар мәселесіне қатысты ұстанымымыз – еліміздің қауіпсіздігімен бірге адам өмірі мен абыройын қорғау. Ғасырлар бойы ешқандай кемсітушілік жасамай, қуғын-сүргіннен қашқандардың қасында болған халқымыз Сириядан Украинаға дейін аймағымыздағы дағдарыстарға қарата тағы да сол адал ұстанымын көрсетті. Әрқашан гуманитарлық және көршілестік міндетін орындаған Түркия баспана іздеушілердің отандарына қауіпсіз, ерікті және құрметті түрде оралуын қолдайды және бұл үшін қажетті жобаларды жүзеге асыруда» деді. 

Батыс елдерінде тамыр тартқан соң улы шырмауық сияқты басқа қоғамдарға тараған босқындарға қарсы өшпенділік сөз-сөйлемдерін, неонацистік идеологияны, Исламофобия мен шетелдіктерге дұшпандықпен қарауды қабылдамайтындарын баса айтқан Ердоған:

«Біз өз нәсілінен, мәдениетінен және сенімінен басқа ешкімді адам ретінде санамайтын бұл індетті ағымдарды адами құндылықтарға және адамзаттың ортақ болашағына қауіп деп қараймыз» деп көрсетті.

Ердоған тарих бойында өркениеттер бесігі болған Жерорта теңізінің соңғы жылдары босқындар қабіріне айналуына тамыры отаршылдықпен жалғасқан тәкаппар менталитеттің үлкен әсер еткенін атап өтті.

Президент Ердоған:

«Өткен аптада Эгей теңізінде жүздеген бейкүнә адам, көптеген бала қаза тапқан гуманитарлық трагедия – мұның ең соңғы және ұят мысалы» деді.

Ердоған халықаралық қауымдастықтың, әсіресе өзінен басқа баршаға адам құқығы мен демократия сабағын беретін елдердің енді жауапкершілікті алуы керектігін білдірді.

Президент босқындар мәселесін, көші-қонды және мәжбүр түрде қоныс аударуды тудыратын жағдайларды басынан бастап жою арқылы шешуге болатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар