Ердоған мен әл-Нахайян Стамбулда бас қосты

Президент Ердоған БАӘ Мемлекет басшысы әл-Нахайянмен Стамбулда бас қосты.

1998037
Ердоған мен әл-Нахайян Стамбулда бас қосты
al nahyan-erdogan-togg1.jpg
al nahyan-erdogan-togg.jpg
al nahyan-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Мемлекет басшысы Мұхаммед ибн-Заид әл-Нахайянмен бас қосты.

Президент Ердоған Стамбулдағы Ататүрік әуежайында Мұхаммед ибн-Заид әл-Нахайянды қарсы алды.

Ердоған мен Заид әл-Нахайянды қарсы алу рәсімі кезінде Түркияның алғаш отандық автокөлігі TOGG-ты қарап шықты.

Екі басшысы кейін Ататүрік әуежайының мемлекеттік қонақ үйінде баспасөзге жабық бас қосты.

Кездесудің артынан әл-Нахайян әлеуметтік желідегі аккаунтынан түрік тілінде хабарлама жариялады.

Әл-Нахайян Твиттердегі хабарламасында «Стамбулда президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездескеніме қуаныштымын. Екі елдің стратегиялық қарым-қатынасын нығайту және экономикалық серіктестікті жетілдіру мәселесін талқыладық. БАӘ аймақ және әлемде бейбітшілік пен өркендеуді қолдау үшін достарымен ынтымақтастығын жетілдіруді жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар