Түркия Суданға көмектесуде

Судан өкілі елші Әли  «Біз Түркияның Суданда алатын кез келген рөлін құптаймыз» деді.

1997907
Түркия Суданға көмектесуде

Судан Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі және Судан егемендігі кеңесінің төрағасы Абдулфеттах әл-Бурханның өкілі Елші Дефулла әл-Хак Әли Түркияның Судан дағдарысында алатын кез келген рөлін құптайтындарын айтты.

Елші Әли байланыс жасау үшін келген ел астанасы Анкарада Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Судан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың өте ерекше екенін және бұл байланыстың  көне дәуірге барып тірелгенін түсіндірген Әли кездесулерінде қарым-қатынастарды әр салада күшейту жөнінде келіскендерін атап көрсетті.

Түркияның ықпалды ел екенін және Анкараның Судан дағдарысынан да күрделі мәселелер мен дағдарыстардағы рөлін жақсы білетіндерін айтқан Әли  «Біз Түркияның Суданда алатын кез келген рөлін құптаймыз. Өйткені тарихи байланыстары бар Судан халқының мүддесін ойлайтын Түркияның басқа мақсаттары жоқ деп есептейміз. Түркия біз үшін сенімді ел.  Түркия ортақ құндылықтарымызға сүйене отырып, Судан халқына көмектесуде» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар