Мәжілістің жаңа төрағасы - Нуман Куртулмуш
Вице-президент Джевдет Йылмаз да Куртулмушты әлеуметтік медиа парақшасынан құттықтап, қызметінде сәттілік тіледі.

Әділет және даму партиясының (АК партия) Стамбул депутаты Нуман Куртулмуш Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы болып сайланды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткен дауыс беруде 321 дауыс алған Нуман Куртулмуш Мәжіліс төрағасы болды.
Президент Режеп Тайып Ердоған Нуман Куртулмушты телефон арқылы құттықтады. Ол жаңа заң шығару кезеңінің берекелі, табысты болуын тіледі. Президент Ердоған Нуман Куртулмушты артынан Президенттік кешенде қабылдады.
Вице-президент Джевдет Йылмаз да Куртулмушты әлеуметтік медиа парақшасынан құттықтап, қызметінде сәттілік тіледі.
Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин да Нуман Куртулмушты құттықтап, сәттілік тіледі. Куртулмушты АК партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик те құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған Анкарадағы лаңкестік шабуылға тоқталды
Ердоған PKK террористтері тарапынан жасаған бомбалы шабуылына тоқталып, батыс елдерін сынға алды.