Ердоған мен Зеленский сөйлесті

Президент Ердоған халықаралық комиссия үшін Түркияның қолынан келген көмекті беретінін айтты.

1996658
Ердоған мен Зеленский сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Украинаның Херсон аймағында орыстардың бақылауындағы Каховка бөгетіндегі жарылысқа байланысты қалыптастырылатын халықаралық комиссия үшін Түркияның қолынан келген көмекті беретінін айтты.

Президент Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесті.

Ердоған Зеленскиймен телефон әңгімесінде Каховка бөгетіндегі жарылысты тексеру үшін халықаралық комиссия құру мүмкін екенін,  осыған байланысты Түркияның қолдау бере алатынын білдірді.

Украинаның Херсон аймағында орыстар бақылап отырған Каховка бөгеті бомбаланып,  ауыр ақау салдарынан су деңгейі көтерілген болатын. Қала су астында қалып,  халық эвакуацияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар