Түрік арнайы десанттары Косовоға барады

Арнайы бір десант батальоны сақтық жасағы ретінде Косоводағы тағайындалды.

1995011
Түрік арнайы десанттары Косовоға барады

НАТО-ның сұранысы бойынша Түркия бір арнайы десант батальонының сақтық жасағы ретінде Косовода орналастырады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемеде «Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, Еуроодақ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) екіжақты қарым-қатынастары аясында аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосуды жалғастыруда. Осы тұрғыда еліміз ортақ тарихи және мәдени құндылықтарға ие болған Балқандағы оқиғаларды жіті қадағалайды. Соңғы күндері дос және бауырлас Косовоның солтүстігінде болып жатқан аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылыққа зиян келтіретін оқиғалардың келіссөз арқылы шешімі үшін жасампаз бір ұстаным ортаға қоюда және тараптарға тыныштықты сақтау шақыруларын жасауда» делінді.

Мәлімдемеде «Косоводағы оқиғалардан кейін Италияның Неаполь қаласындағы  НАТО Бірлескен күштер қолбасшылығы тарапынан жасалған сұраныс бойынша алдын ала НАТО-ның Халықаралық Косово Бейбітшілік күшіне (KFOR) берілген Кыркларелидегі 65-ші механикаландырылған атқыштар бригадасының қолбасшылығына қарасты бір арнайы десант батальоны сақтық жасағы ретінде тағайындалды» делінді.

Тағайындалған батальонның 2023 жылдың 4-5 маусым күндері Косоводағы «Сұлтан Мұрат» атты казармаға баруының жоспарлағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар