Чавушоғлу шетелдік әріптестерімен сөйлесті

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар да талқыланды.

1993794
Чавушоғлу шетелдік әріптестерімен сөйлесті
Zayid Al Nahyan-Cavusoglu.jpg

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрі Хүсейін Эмир Абдуллахиянмен телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен берілген мәліметке қарағанда Абдуллахиян әріптесі Чавушоғлумен әңгімесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның қайта сайлануы және парламенттік сайлаудағы табысына байланысты құттықтауын жеткізді.

Телефонда Мевлүт Чавушоғлу мен Абдуллахиян екіжақты қарым-қатынастарды да талқылады.

Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктері  Сыртқы істер министрі шейх Абдуллах бен Заид Әл Нахаянмен де телефон арқылы сөйлесті.

Министр шейх Абдуллах да президент Ердоғанның қайта сайлануы және парламенттік сайлауда қол жеткізген табысына орай құттықтауын жеткізді.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар да талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар