Еуропада нәсілшілдік артты
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Түркия Германияда Солинген қаласында 1993 жылы болған шабуылдан бері Еуропада нәселшілдіктің артқанын білдірді.
Сыртқы істер министрлігі жазбаша хабарлама жариялап, Солинген қаласында 1993 жылдың 29 мамыр күні нәсілшіл бір топ тарапынан үйлері өртеніп қаза тапқан 5 азаматты еске алды.
Сыртқы істер министрлігі шабуылдың 30 жылдығына орай Солингенде өтетін еске салу рәсіміне Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Екрем Серимнің қатысатынын білдірді.
Мәлімдемеде сонымен бірге Солинген шабуылынан бері 30 жылда шетел дұшпандығының, нәсілшілдіктің және Ислам дұшпандығының Еуропада арта түскені атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркевинде қонақасы берілді
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде қонақасы берілді.