Ердоғанның сайлаудағы жеңісі шетелде де тойлануда

Шетелде өмір сүрген түрік азаматтары  Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

1992224
Ердоғанның сайлаудағы жеңісі шетелде де тойлануда

Сайлаудың екінші турының нақтыланбаған қорытындысы бойынша Режеп Тайып Ердоған 52,14 пайыз дауыспен президент болып қайта сайланды. Ердоғанның жеңісін шетелде өмір сүрген түрік азаматтары құттықтады.

Бельгияның астанасы Брюссельдің Шеербек ауданында көшеге шыққан көптеген түрік азаматы түрік туларын көтеріп, Ердоғанды қолдаған ұрандар салды.

Жүздеген әзербайжандық пен осы елде өмір сүрген  түрік азаматтары  Бакудегі Түркия елшілігінің жанындағы саябаққа жиналып, Ердоғанды ​​сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Ливан астанасы Бейрутте жүздеген адам жиналып, Ердоғанның жеңісін түрік туларымен тойлады.

Президент Ердоғанның президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісі Швецияның астанасы Стокгольмде қызу тойланды.

Германияда тұратын түрік азаматтары Берлиннің Кройцберг ауданы мен Курфюрстендамм көшесінде бас қосып, президент Ердоғанды ​​сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Катардың көрнекті орындарының бірі «Әл-Джабер мұнарасы» Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турындағы жеңісіне орай Режеп Тайып Ердоғанның суреті және түрік туымен жарықтандырылды.

Голландияның Роттердам қаласындағы Хофплейн алаңында жиналған  көптеген түрік азаматы түрік туларын көтеріп, Ердоғанды қолдаған ұрандар салды.

Швейцарияның Цюрих қаласында көптеген түрік азаматы қолдарында түрік туларымен Ердоғанға қолдау білдірді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында ел астанасы Никосияда халық Ердоғанды сайлаудағы  жеңісімен құттықтады.

Президент Ердоғанның қайта сайлануы АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Босния және Герцеговина, Сербия, Косово, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Пәкістан, Палестина және Алжирде де тойланды.



Ұқсас жаңалықтар